ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖЫР КЕШІ (Т.АЙБЕРГЕНОВКЕ АРНАЛҒАН «О, АДАМДАР, БІРГЕМІН МЕН СЕНДЕРМЕН» АТТЫ ЖЫР КЕШІ ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР…)

Authors

  • Б.И.Нұрдәулетова филология ғылымдарының докторы, профессор

Keywords:

Б.Жайлау, бір бөлшегі, ҚазҰПУ, виртуалды кеңістік, цифрландыру, ақпараттық технология

Abstract

2020 жылдың 15 мамырында, танымдық, мәдени шаралар елімізде короновирусқа байланысты жаппай онлайн жүйеге көшірілгенін білесіздер. Сол тұста Қазақстан Республикасы Ақтау қаласындаығ Ш.Есенов атындағы КТИУ және Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастыруымен ақын Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған «О, адамдар, біргемін мен сендермен!» атты әдеби танымдық кеш өтті. Кешке ақынның қызы ф.ғ.к., доцент Салтанат Айбергенова қатысып, естеліктерімен бөлісті. Белгілі актер Б.Есенәлиев ақын өлеңдерін оқыды, танымал әншілер С.Жанпейісова, Г.Сарина, Ә.Бекарыстанов, Ә.Өміров, А.Көшеров ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындады, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Алпысбай Тамаев, Нөкіс университетінің оқытушысы Ә.Найзабаев Төлеген шығармашылығына ғылыми талдау жасады. Ш.Есенов атындағы КМТИУ докторанты Б.Жайлау арнау өлең оқыды. Кеш соңында студент-жастар Т.Айбергенов өлеңдерінен көркем сөз оқыды. Тікелей эфирде Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғылым мен мәдениет саласы өкілдері қатысып, әсерлерімен бөлісіп отырды».

Downloads

Published

2024-05-26

How to Cite

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ЖЫР КЕШІ (Т.АЙБЕРГЕНОВКЕ АРНАЛҒАН «О, АДАМДАР, БІРГЕМІН МЕН СЕНДЕРМЕН» АТТЫ ЖЫР КЕШІ ТУРАЛЫ ҮЗІК СЫР…). (2024). INTERNATIONAL JOURNAL OF RECENTLY SCIENTIFIC RESEARCHER’S THEORY, 2(5), 307-313. https://uzresearchers.com/index.php/ijrs/article/view/3325