ҰЛАҒАТ ИЕСІ
Keywords:
Адамның, толыққанды, қалыптасуына, шыққан, тегі, ата-анасыAbstract
Қазіргі заманда оқытушыдан өз пәнінің білгірі болудан бөлек, танымдық, педагогикалық-психологикалық, ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Саналы ғұмырын еліміздің болашағы жас ұрпақтың тәрбиесіне арнаған осындай ұлағатты ұстаз, талантты ұйымдастырушы, тіл жанашыры Ақмарал Нұрғожақызы жастар бойына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру бағытында аянбай еңбек етіп келе жатыр. Филология ғылымдарының кандидаты, Yessenov University он бір жыл Қазақ филологиясы кафедрасын басқарған, Туризм және тілдер факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Отарова Ақмарал Нұрғожақызын мен оқушы кезімнен білемін. 1988 жылы Түпқараған аудандық қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндік олимпиада жеңімпаздарын облыстық олимпиадаға бастап барғанда, Е.Өмірбаев мектебінен шыққан жеңімпаз оқушы ретінде сол топтың ішінде мен де бар едім. Сол кезде жүріс-тұрысы ширақ, жып-жинақы, сөзі салмақты, мінезі қаталдау, түр-тұрпаты келісті апайға арқа сүйедік. Оқушы кезімізде апайлардың бәрі үлкен болып көрінетін. Ақмарал апайдың сол кезде 24 жастағы бойжеткен екенін білген де жоқ едік... 2003 жылдан бері Ақмарал Нұрғожақызымен университетте әріптес болып, әлі күнге бірге келеміз.