ӘЖІНИЯЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН ТАҚЫРЫБЫ
Keywords:
әдебиет, тарих, түркі, тұлға, мұра, үрдіс, тіл, стильAbstract
Мақалада бауырлас халықтар – қазақ-қарақалпақ елдерінің арғы-бергі тарихы, мәдени-рухани арналары, ортақ мұрат жолындағы жаңашылдығы мен жасампаздығы сөз етіледі. Сонымен бірге, түркі халықтары әдебиеті, соның ішінде қазақ-қарақалпақ әдебиеттерінің талайғы тарихы мен даму үрдістері, әдеби-мәдени байланыстары, мұра мен мұратану мәселелері қазіргі кезеңнің талаптары тұрғысынан байыпты қарастырылады. Осы орайда, Әжінияз шығармашылығындағы Қазақстан тақырыбына да кең орын беріледі. Тақырыптық арналар, ізденіс іздері, жанр жүйесі мен көркемдік, мәтін құрылымы, тіл мен стиль мәні, ортақ ерекшеліктерге зор маңыз беріледі.
References
Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. 20-том. - Алматы: Жазушы,1985. - 418 бет.
Тойшыбаева С. Қазақ-қарақалпақ әдебиеттерінің байланысы.- Алматы: Ғылым, 1977. - 88 бет.
Аралбаев Қ. Бесқала өрнектері. Зерттеулер мен мақалалар. – Алматы: Арыс, 2016. – 216 бет.
Қайрулла К. «Қырық қыз» - түркі халықтарына ортақ мұра // «Егемен Қазақстан», 2021, 13 сәуір.
Бабажанұлы Б. Бесқала жырлары // «Қазақ әдебиеті», 2021, 29 қазан.
Қазақ халық әдебиеті. Айтыс. Көп томдық. - Алматы: Жазушы, 1988. – 107-125 беттер.